Wildberries маркетплейсінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарын телефон алаяқтығының жаңа схемасы туралы ескертті. Қаскөйлер пайдаланушыларға маркетплейс қызметкерлері ретінде хабарласып, тауарды жеткізуге дайын екенін айтады. Тапсырысты растау үшін олар СМС-хабарламадағы кодты айтуды сұрайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Компания атап өтті: Wildberries-тің нағыз қызметкерлері клиенттерге ешқашан СМС кодтарын, құпиясөздерді немесе өзге де құпия ақпаратты айтуды сұрап қоңырау шалмайды. Өз тарапынан Wildberries деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етіп, АТ-инфрақұрылымының ішкі қауіпсіздік жүйелерін үздіксіз жетілдіріп келеді.

Алайда сатып алушы қаскөйлерге деректеріне қолжетімділікті өзі берсе, қауіпсіздік қатерге ұшырауы мүмкін. Мұндай қоңыраулардың басты мақсаты — азаматтардың түрлі ресурстардағы аккаунттарына заңсыз қолжетімділікті алаяқтық жолмен алу.

Пайдаланушыларды барынша сақ болуға, мұндай сұрауларды елемеуге және келіп түскен құпия кодтарды ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Тапсырыстардың мәртебесі, қолданыстағы акциялар және басқа да хабарламалар туралы ақпаратты тек ресми көздерден — маркетплейстердің сайттарындағы жеке кабинеттерден немесе ресми қосымшаларынан тексеруге кеңес береді.