World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті әйел Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды infohub.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) елордалық департаменті қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу деректері бойынша, 2020 жылы күдікті азаматтардың ақшасын инвестициялық бағдарламаларға қатысу деген желеумен жоғары табыс уәде етіп тартқан. Ал компанияның қызметі лицензиясыз болған және іс жүзінде инвестициялық операцияларды жүзеге асырмаған.

"Ақша қаражаты қолма-қол түрде, бухгалтерлік құжаттарсыз тартылған. Заңдылық көрінісін жасау үшін салымшыларға онлайн-платформада жеке кабинеттер ашылып, онда жалған 'табыстылық' көрсетілген. Түскен ақша қаржы пирамидасы принципі бойынша қайта бөлінген — бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылар есебінен жүргізілген. Клиенттер базасын кеңейту үшін презентациялар мен үгіт-насихат іс-шаралары, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияға сапарлар пайдаланылған", — деп мәлімдеді ҚМА-да.

Ведомствода бұл схеманың бастапқы кезеңінде жолы кесілгенін атап өтті. 2024 жылы күдікті халықаралық іздеу жарияланған, сот сырттай оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. 2026 жылдың қаңтарында ол Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Сот шешімімен оның жер теліміне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.