Украиналық теннисші Элина Свитолина WTA 2026 жылғы қорытынды турнирінің соңғы жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Топтық кезеңнің соңғы матчында ол беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:3, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында Свитолина 2-топта екінші орынмен жартылай финалға шықты. Соболенко үшінші орында қалып, жарыстағы өнерін аяқтады.
2-топта бірінші орынды барлық матчын екі сетте ұтып алған ресейлік Мирра Андреева иеленді. Ол Свитолинаны (6:4, 6:0), Соболенконы (6:4, 6:0) және соңғы турда чех Каролина Мухованың орнына қосылған отандасы Диана Шнайдерді (6:2, 6:1) жеңді.
1-топтан бірінші орынмен чех Линда Носкова, екінші орынмен американдық Джессика Пегула жартылай финалға өтті. Үшінші орынды тағы бір АҚШ өкілі Коко Гауфф, төртінші орынды турнир басталар алдында денсаулығына байланысты жарыстан бас тартқан қазақстандық Елена Рыбакинаның орнына қосылған украиналық Марта Костюк иеленді.
Жартылай финалда Андреева Пегуламен, ал Носкова Свитолинамен кездеседі. Бұл матчтар 14 қарашада өтеді, ал келесі күні финал болады.
WTA қорытынды турнирі американдық Индиан-Уэллсте хард төсенішінде өтіп жатыр. Өткен жылы титулды Рыбакина жеңіп алған болатын.


