24-27 шілде аралығында Алматы WTT Youth Contender Almaty 2026 халықаралық рейтингтік турнирін өткізеді. Төрт күн бойы әртүрлі елдердің жас спортшылары Дүниежүзілік үстел теннисі федерациясының медальдары мен рейтингтік ұпайлары үшін күреседі. Көрермендер жарыстарға тегін қатыса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматы 24-27 шілде аралығында өтетін WTT Youth Contender Almaty 2026 халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда. Жарысқа әлемнің әр түкпірінен күшті жас теннисшілер қатысып, медальдар мен маңызды рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды", – деді ҚР Үстел теннисі федерациясы.
24 шілде – жарыстың басталу күні. Бұл күні U13 және U17 санатындағы спортшылардың топтық кезең кездесулері, сондай-ақ плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары өтеді.
25 шілде көрермендерді U13 және U17 жас санаттарындағы ширек финал, жартылай финал және финалдық кездесулер күтіп тұр. Сонымен қатар, U15 және U19 аралас разрядының шешуші ойындары өтіп, олардың қорытындысы бойынша турнирдің алғашқы жеңімпаздары анықталады.
26 шілдеде U11, U15 және U19 санаттарындағы қатысушылар арасында жарыстар басталады. Дәл осы күні U15 және U19 жас санаттарындағы аралас жұптардың финалдары өтеді.
Қорытынды ойын күні – 27 шілде ең қанық күн болады. Бағдарлама плей-офф матчтарын, U11, U15 және U19 санаттарындағы финалдарды, сондай-ақ халықаралық турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімін қамтиды.
Жарыстар Нұркент шағын ауданы, 14Б мекенжайында орналасқан ADD Ustel Tennis Ortalygy спорт кешенінде өтеді. Ұйымдастырушылар барлық спорт әуесқойларын жас спортшыларды қолдауға шақырады. Барлық ойын күндеріне кіру тегін.
Еске сала кетейік, ҚР Үстел теннисі федерациясын Данияр Әбілғазин басқарады.


