Әліппе 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалы жазуды меңгерту.
2) Сөйлеудің, ойлаудың байқампаздығын іс – әрекетін дамыту. Дыбыстық, буындық талдау жасай білуге үйрету.
3) Білімділікке, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар кәне бәріміз әліппе сабағына керекті заттарымызды шығарайық. Сыныбымызға қонақтар келіп отыр.
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Балалар дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты айтамыз, есептейміз
2. Балалар әріп деген не?
- Әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз.
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз.
4. Дыбыстардан не құраймыз?
- Буын
5. Буыннан не құраймыз?
- Сөз
6. Сөзден не құраймыз?
- Сөйлем
7. Өткен сабағымызды қандай дыбыспен таныстық.
- Ю дыбысымен
8. Дауысты ма?
- Дауыссыз ба?
9. Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
10. Дауысты дыбыстар қалай аталады?
Кәне Ю дыбысына сөздер ойластырайық аю, ою, қою.
Аю сөзіне сөйлем ойлау.
Мен аю көрдім.
Менің әжем ою ойды. (тақтаға жазамыз).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Балалар біздің сыныбымызға хат келді. Оны бізге хат тасушы жеткізді.
Кәне хатымыз кімнен екенін. Көрейікші.
Балалар«Қуырмаш» журналынан екен. Бізге «Қуырмаш» журналы келіп тұрады.
Ендеше не жазыпты оқиық.
Саламатсыздар ма балалар.
- Әліппені қалай оқып жатырсыңдар?
- Әріптерді үйрендіңдер ме?
- Енді маған хат жаза аласыңдар ма?
Жауап жазыңдар.
- Балалар хат тасушы дегеніміз біз қалалармен хабарласып тұрамыз аға - әпкелерімізбен хат жазысамыз, әскердегі, оқуда, ұзақ жақта тұратын ата - әжелерімізбен хабарласамыз.
- Балалар кім айтады осы хат деген сөзде бізге таныс емес әріп бар ма?
Х - бәріміз айтып көрейік. Қалай айтылып тұр.
Қысқа, ендеше х - дыбысы дауыссыз дыбыс екен.
Маған кім айтады айтылуы қай дыбысқа ұқсайды.
Қ - Х дыбыстарын салыстыру.
2. Кітаппен жұмыс.
- Хормен оқытып, түсініксіз сөздерге тоқталу.
- Кітапхана мәтініне тоқталу.
- Біздің мектепте кітапхана бар ма?
- Сендер оған барып көрдіңдер ма?
- Кітапханадағы мұғалімнің аты кім?
деп алып сұрақ - жауап алу.
Кітапханадан басқа, тағы қандай хана деп айтылады.
- Асхана, кітапхана туралы айту. Нан туралы тоқталу.
Мәтінді оқу, оқыту
Емхана, асхана, Хамит, дәріхана, дәмхана, Хадиша, шеберхана, ұстахана, Нұрхат
3. Сергіту сәті
4. Дәптермен жұмыс
Х Х Х Х
Суретін бояп жаздыру
5. Ойын« Балық аулау»
Хат, хабар, хат, хор, халат, халва, шахмат, қолхат
VІІ. Қорытынды:
- Біз бүгін қандай тақырып өттік?
- Дауысты ма?
- Дауыссыз ба?
- Сөздер ойластыр?
- Сөйлем құрайық?
Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз687 қаралым
#әліппе#бастауыш#1 сынып#х дыбысы мен әрпі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

