Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткенді пысықтау.
«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау
Үлестірмелі қағазда берілген әріптерден сөз құрау
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Есік қағылып, сыныпқа хат келеді. Хатты оқу.
ІІ. Мағынаны тану.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)
- Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х - дауыссыз дыбыс, себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр. (Х - әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.)
Суретерге назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах
Суретпен жұмыс
- әңгімелеу
Оқулықпен жұмыс.
- тізектеп бағандағы сөздерді оқу
- тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
- хат - хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.
Хор - музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.
Хан - ел билеушi.
саяхат - алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.
дәріхана - Дәpi - дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
хабар - жаңалық
халат - үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
хадис - діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.
шахмат - ойын
хаттама - жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.
ұстахана - темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана - әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.
Х дыбысы мен әрпі жүктеу
Х дыбысы мен әрпі слайдты жүктеу
Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз531 қаралым
#кітапханашы#кітапты күтіп ұстау#х дыбысы мен әрпі#мамандық иелері
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

