Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Халыққа хат
Туған халқым!
Қатемді кешір менің?
Сенің арқаң сескенбей, есіргенім.
Егерде жырың болмай, ұрың болсам,
Алақанға саласың, несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіңдегі
Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені,
Уа, жұртым!
Кешір мені?
Кешір мені?
Зәредей қылығың жоқ мен сенбеген,
Жасудамын жаныммен көрсем деп ем.
Жасымнан жамандықты жеңсем деп ем,
Жасырмай бәрін айтып берсем деп ем.
Жамандық көре алмайсың сенсең менен
Өзіңнің қалыбыңмен өлшенген ем,
Аманат бір өзіңе өлсем денем.
Аманат бір өзіңе жырым - сырым,
Аманат Асан - жүрек жырым-жырым,
Жолсызбен жортамын деп,
Орта жолда
Жете алмай жетеріне жығылды ұлың,
О, менің
Желпілдеген туырлығым!
Желбіреп, жетіле бер Туың бүгін!
Ой-қырыңа мың сәлем мен көрмеген,
Шөлдер менен тауларға, көлдерменен.
Құмда отырған қойшының қараша үйін,
Қайсыбір сарайлардан кем көрмеп ем.
Жетім қалған қозыға жем берген ем...
Жетіліп, жетісіп ем сендерменен,
Кешір менің жанымды емделмеген?!
Самал сырын жеткізіп, бұлақ сөзін,
Болсам деп ем өзіңнің құлақ-көзің.
Бастап кетті басқаға шуақ-сезім,
Шуақ-сезім - секірген лақ кезім.
Менде өзіңдей болмады тұрақ-төзім.
Heгe бұлай?
.Білесің бірақ та өзің.
Несін білдім емірдің, несін көрдім?
Көз жазып қалмайын деп көшіңе ердім.
Туған ел, көз-жасы үшін кешір мені,
Кешегі жетімдер мен жесірлердің?
Ортасында өшу мен өсулердің
Таяғын тарттым талай кесірлердің,
Туған ел, сол үшін де кешір мені!
Жаманың да болса егер жатсынбадым,
Мен жақсы көрдім, мені жатсынғанын.
Мен сеземін жаманың, жақсың барын,
Барлығы үшін, бәрібір, ақсын қаным.
Барымды ойымдағы тапсырмадым.
Бәрін де бір өзіңе аманаттап,
Кеудемде тыныш ұйықтап жатсын жаным
Туған халқым!
Қатемді кешіре гөр?
Кешіре гөр?
Кеш қылмай несібе бер?
Ақынды ая?
Өмірге ақын бергін?
Көрікті болсын десең кешір егер
Ал мені... Кешіре гөр?
Кешіре гөр!..
Жыл келді,
Жақсылықпен өтсе игі еді.
Жоғалып жамандықтар кетсе игі еді.
Аңсап жүрген, жете алмай шаршап жүрген,
Ақ қанат қуанышым
Жетсе игі еді!!!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама