Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.
Тақырыптар:
§9. 1. 9. 2. Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері. Пайдалы қазбалар - химиялық өнеркәсіп шикізаты.
§9. 3. Өндірісте металдарды алу әдістері. Металлургия
§9. 4. Құймалар
§9. 5. Шойын және болат өндірісі.
§9. 6. Алюминий өндірісі.
§9. 7. Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі
§9. 8. Цемент және басқа силикат материалдарының өндірісі.
§9. 9. Аммиак өндірісі.
§9. 10. Азот қышқылының өндірісі.
§9. 11. Минералды тыңайтқыштар өндірісі.
§9. 12. Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі.
Экологиялық және өндірістік мазмұндағы есептер шығару.
Білімді қорытындылау және жүйелеу.
Қорытынды тестілеу.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың өтілген материалды қабылдау, есте сақтауын қамтамасыз ету;
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер, заңдар, ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек ету;
- оқушылардың оқу материалын өз әдіс - тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.
Жаңа сабақты түсіндіру: 1. Табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып екіге бөлінеді. Біріншісіне – Күннен алынатын жылу және жарық энергиясы жаңбыр суы, жел энергиясы, өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдер жатады. Екіншісіне – мұнай, көмір,, металдар мен құрылыс материалдарының жылдар бойғы шөгінділері жатады.
Кен минералдар және бос жыныстардан тұрады. Қолданылмаған шикізаттарды – қалдықтар деп атайды. Табиғи минералды заттардың жинақталуы – кен орындары деп аталады. Қолданылуына қарай пайдалы қазбаларды 5 топқа бөледі: *отын – энергетикалық;
*металдар кендері;
*химиялық шикізат;
*құрылыс материалдары;
*гидроминералды пайдалы қазбалар.
Шикізат - өнеркәсіп өндірісінде қолданылатын табиғи өнім.
Кезеңдері:
*Пайдалы қазбаларды бөгде қоспалардан тазартып, бағалы компонентердің үлесін арттыру байыту деп аталады. *пайдалы қоспаларды ірілігі бойынша сұрыптау.
* Ірілерін өздеріне тән қасиеттеріне байланысты бөлу.
Қоршаған ортаны қорғау.
Оқушылардың хабарламасы
§9.1, 9.2, 9.3, 9.4, 9.5, 9.6, 9.7, 9.8, 9.9, 9.10, 9.11, 9.12 жүктеу
Толық нұсқасын қарау
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз495 қаралым
#химиядан сабақ жоспары
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

