Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Жүргізуші: - Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады
Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады.
Жүргізуші:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
Жастықтың оты қайдасың
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның біліп пайдасын
Дүниенің көркін болжамай
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа бір балл беріледі.
1 – топ.
1. Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылады. (гелий)
2. Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі (бром)
3. Қандай элементтер материктердің атымен аталады (европий, амерций)
4. Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады? (H2SO4 концентрациясында)
5. Суды қалай жандыруға болады (сілтілік металдар арқылы, натрий, калий)
6. Планетамызда көп таралған элементтер (сутек, гелий)
7. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады (ақ фосфор арқылы)
8. Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады (сұйытылған қышқылға салып)
9. Әрі химик, әрі музыкант ғалым (А. П. Бородин)
10. Алып элемент (титан)
2 – топ.
1. Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім(М. В. Ломоносов)
2. Қандай жыланда сынап көп (фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)
3. Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми)
4. Табиғи талшықты зат (асбест)
5. Мыстың табиғи қосылысы (малахит)
6. Сүт қанты (лактоза)
7. Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)
8. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)
9. Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
10. Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)
3 – топ.
1. Қандай металл болашақтың металы деп аталады (алюминий)
2. Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден)
3. Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір, никель, палладийде)
4. Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 380 градус С)
5. Қандай элемент жер қыртысының 75% - ын құрайды (оттек 49%, кремний 26%)
6. Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л. Да Винчи)
7. Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)
8. Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі, Г. Бранд, 1699ж)
9. Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)
10. Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745ж. Ухта өзені бойында).
Химиялық көңілді тапқырлар кеші. жүктеу
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз636 қаралым
#сайыс сабақ#химиялық көңілді тапқырлар кеші#химиядан сайыс сабақ жоспары
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

