Химия 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. XXI ғасыр - химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, химиялық элементтердің адам ағзасында атқаратын ролі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік. Оқушы - жеке тұлға. Оқушыларды өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
в) Дамытушылығы. Химия ғылымына деген дүниетанымдық, диалектикалық көзқарастар қалыптастыру. Ғылыми түсініктерін молайту
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, сынақ алу, лабораториялық тәжірибе.
Пән аралық байланыс: Биология, медицина.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд түрлері, видеороликтер, интернет материалдары.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру.
II. Жақтаушы жақтың «Қоспалар» тобының кейсі.
III. Даттаушы жақтың «Таза заттар» тобының кейсі.
IV. Лабораториялық тәжірибе.
V. Қорытынды сауалнама.(activоte)
VI. Үйге тапсырма.
VII. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I. Жақтаушы «Қоспалар» тобының кейсі.
Резолюция «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз - химияның ғажайыптары».
II. Даттаушы «Таза заттар» тобының кейсі.
Резолюция «Химиялық заттар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді».
Бастаушы: «Қоспалар» тобының жетекшісі - Үсенова Айнамкөз ханым, спикерлері - Бисенбай Назгүл ханым, Сағын Махамбет мырза.
«Таза заттар» тобының жетекшісі Бектұрсынова Гүлдана ханым, спикерлері - Есенәлі Айдана ханым, Хасанов Райымбек мырза.
Бастаушы: Бірінші сөз «Қоспалар» тобының спикері Бисенбай Назгүл ханымға беріледі.
Назгүл: Сәлеметсіздер ме; тыңдарман қауым және құрметті оппоненттер.
«XXI ғасыр - химия ғасыры» деген дәрумені бойынша ойымды жеткізбекпін.
Біз күнделікті тіршілігімізді суды пайдаланудан бастаймыз.
1) Судың өзі де химиялық элементтерден тұрады ғой.
XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап дәмді, хош иісті, қоректік қасиеті мол
жасанды тағамдар жасау қолға алынды.
2) Біздің ғалымдарымыз биотехнологиялық әдіспен қазіргі күні қара уылдырық, албырт (ласось) еті, сорпалар (тауық, сиыр еті, балық), мармеладтардың әр түрлі сорттарын, шырындарды алып, көпшілікке ұсынып та отыр. Слайд № 5, 6
3) Көптеген синтездік жолмен алынған дәрі - дәрмектер адам денсаулығын қорғайды, қалпына келтіреді, жақсартады.
Мысалы: өзімізге таныс аспирин, анальгин сияқты дәрілер ауырғанды басып, жүйкені тыныштандырады, бірақ есірткіге жатпайды. Слайд № 7
4) Қазіргі кезде ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда. Жуғыш заттар, тазартушы, зарарсыздандырушы заттар, жиhаз бен еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі лактар мен бояулар
Пән мұғалімі: Мустафина Аққағаз Битанқызы
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы. жүктеу
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың тақырыбы: Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз771 қаралым
#химиядан сабақ жоспары#химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы#химиялық заттар
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

