Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.
Әліппе.
Сабақтың мақсаты: И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Ии дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой - өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, тақырыпқа байланысты парақшалар.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Сабақтың барысы. Психологиялық дайындық.
Бір бірімен қол беріп, содан соң аяқпен амандасу
ІІ. Өзіндік жұмыс. Әріптерге шолу.
А) Өткен әріптерді ататып, дауысты, дауыссызға ажыраттыру.
Ә) шұ бұ тұ буындарына сөз құрату.
ІІІ. Ой қозғау.
А) Жұмбақ шешу:
Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды. (Ит)
Иттің пайдасы туралы оқушылардың ойын тыңдау
Ә) И әрпінен келетін сөздерді атату. Сөздердің мағынасын айту
ІV. Жаңа сабақ. Оқулықтағы 86 бет бойынша жұмыс.
а). Әңгімені оқу сұрақтарға жауап беру
в) Әліппе бағандарындағы сөздердің буындап, хормен және өздігінен жеке оқу, сөзді буындап оқу барысында әрбір әріпті қадағалап және дұрыс оқуды ескерту, бағандағы сөздерді көрсеткіш таяқша арқылы теріп оқу, оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру.
VІ. Сергіту сәті:
Көжегім тұршы
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы
Киіміңді киші, мектепке баршы
Орныңа отыршы, сабағыңды оқышы
VІІІ. Жаңғырық ойыны.
Мақсаты: жаңа сөздердің есте сақталуын жетілдіру.
Жаңа сөздер: киік, иман. Сөйлем ойлату.
Дыбыстық талдау жасату.
ІХ. Дәптермен жұмыс.
Әріптің элементтерін тақтаға жазып көрсету
Ауаға жазу
Тақтаға сулы шүберекпен жазып көрсету
Х. Қорытынды.
ХІ. Балаларды мадақтау. «Көңіл күй» ағашына алмаларын ілу.
И дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз521 қаралым
#әліппе#күнделікті сабақ жоспары#и дыбысы мен әрпі#и дыбысы мен әрпін таныту
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

