Сабақ тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Топқа бөлу: Ұлттық кейіпкерлердің суреттері арқылы топқа бөліну.
1 - топ. Алдаркөсе
2 - топ. Қожанасыр
3 - топ. Тазша бала
ҚР мемлекеттік Әнұранын айту (хор).
«Кубизм» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру:
1) Дыбыс деген не? /естиміз, айтамыз/
2) Әріп дегеніміз не? /көреміз, жазамыз, айтамыз/
3) Дыбыс нешеге бөлінеді? /дауысты, дауыссыз/
4) Дауысты дыбыстар қалай айтылады? /созылып/
5) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? /қысқа/
6) Дауысты дыбыстарды ата.
Бағалау: смайлик арқылы.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? ( Һһ дыбысы)
- Олай болса, балалар, қазір біз «Тақия тастамақ» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Мен буынның басын тастай - мын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек. Ша...(һар), айда...(һар), жи...(һаз), қа....(һарман), гау...(һар), мәш...(һүр).
Дескриптор: Білім алушы
- буындарды жалғастырып айтады.
Бағалау: смайлик арқылы.
- Балалар жаңа біз қандай ойын ойнадық?
- Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай?
- Тақия сөзін буынға бөлейікші.
Ендеше, біз я дыбысы мен әрпімен танысамыз.
Сабақтың ортасы
Оқулықпен жұмыс (ҰЖ): - Шаян сөзінде таныс емес қандай дыбыс?
- Дыбыстайықшы. Қандай дыбысқа жатады? - Я дыбысы - дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Олай болса, балалар, Я дыбысы қосарлы дыбыс, й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.
Я дыбысы - дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасын - да кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.
(Я дыбысының артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын түсіндіру).
- Баспа, жазба түрімен танысайық.
аяқ аяз қоян қияр тақия
таяқ саяз шаян пияз зиян
• Хормен оқу
• Тізбектей оқу
• Жекелей оқу.
• Сөздік, буындық - дыбыстық талдау жасау.
Дескриптор: Білім алушы
- сөздерді оқиды, буындық - дыбыстық талдау жасайды.
Бағалау: жұлдызша арқылы
«Шашылған әріп» ойыны. (ТЖ)
я а қ т (таяқ ) о қ н я (қоян) а ш я н (шаян)
Дескриптор: Білім алушы
- әріптерден сөз құрайды.
Бағалау: смайлик арқылы.
Мультфильм: «Алдар көсе мен ұры».
- Ал, балалар, мультфильмнің басты кейіпкері кім екен? Біз кім туралы мультфильм көрдік?
- Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды.
Ол біздің қазақ халқының ұлттық кейіпкері.
Мәтінмен жұмыс (ТЖ):
Алдаркөсе мен бай баласы.
Мәтінді оқып, мазмұнын талқылау.
Мәтін бойынша сұрақтар (ҰЖ):
- Мәтінде кім туралы айтылған?
- Алдар көсе қайда келе жатты?
- Оған кім кездесті?
- Содан кейін не болды?
Дескриптор: Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бағалау: жұлдызша арқылы.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
Мұғалімнің аты-жөні: С. Каршалова
Я дыбысы мен әрпі жүктеу
Я дыбысы мен әрпі
Сабақ тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз547 қаралым
#я дыбысы мен әрпі#ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін#я дыбысының артикуляциясы#қосарлы дыбыстар
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

