1 қыркүйекте сервистегі жол жүру құны көлік тапшылығына байланысты қымбаттауы мүмкін: көптеген адамдар бір уақытта мектепке баруға тапсырыс береді, ал балаларын мектепке апаратын жүргізушілер желіге шықпауы мүмкін. Яндекс Go Білім күнінде көлікке қашан тапсырыс беру тиімді екенін және үнемдеу үшін қандай лайфхактарды қолдануға болатынын айтып берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Өткен жылғы сервисті пайдалану деректеріне сүйене отырып, Яндекс Go 1 қыркүйекте көлікке тапсырыс берудің ең жақсы уақытын болжады. Білім күнінде адамдар таңғы 6:40-тан бастап белсенді түрде тапсырыс береді, сондықтан көлікті осы уақыттан 10–15 минут бұрын шақырған дұрыс. Ең көп тапсырыс — таңғы 7:30 шамасында. Содан кейін 7:50-ге дейін сұраныстың аздап төмендеуі байқалады, бұл уақытта жол жүру құны сәл төмен болуы мүмкін. Сервистегі жол жүруге сұраныс әдетте 8:45-тен кейін төмендейді.

Жол жүрудің соңғы құнына пайдаланушы таңдаған тариф, мақсатты орынға дейінгі қашықтық, жолда өткізілген уақыт, сондай-ақ сіздің ауданыңыздағы желідегі бос көліктер саны әсер етеді: кеткісі келетіндер бос жүргізушілерден көп болса, жол жүру құны әдеттегіден жоғары болуы мүмкін. Оқу жылының алғашқы күнінде көптеген адамдар бір уақытта мектепке баруға тапсырыс береді, сұраныс артады. Жүргізушілер де балаларын мектепке апарады, кейбіреулері желіге шықпауы мүмкін. Бұл теңгерімсіздікті түзету және сұранысы жоғары аймақтарға көбірек жүргізушілерді тарту үшін сервисте бағаны көтеретін коэффициент автоматты түрде қосылады. Бұл — шұғыл кетуі қажет адамдарға мүмкіндік беретін уақытша шара. Коэффициент желіге көбірек жүргізушілерді тартады, олардың саны барлық қалаушыларды көлікпен қамтамасыз етуге жеткілікті болған кезде бағалар қалыпқа келеді.

Яндекс Go қосымшасында баға индексі бар — бұл арнайы индикатор, ол желідегі бос көліктердің ағымдағы сұранысқа жеткілікті екенін нақты уақытта көрсетеді. Оны қосымшаның басты экранының жоғарғы сол жақ бұрышынан табуға болады. Егер желіде бос көліктер жеткілікті болса, индикатор жасыл түсті болады, ал жол жүру бағасы қалыпты болады. Егер көліктер жеткіліксіз болса, индекс қызғылт сары немесе қызыл түске енеді, ал жол жүру құны әдеттегіден жоғары болады.

Яндекс Go-да сұраныс жоғары кезеңде де жол жүруге үнемдеуге көмектесетін кеңестер бар. Мысалы, қосымша көлікті сәл ұзағырақ күтуді немесе жолда кептеліс немесе аулаға кіру қиын болса, отыратын орынға бірнеше минут жаяу жүруді ұсынуы мүмкін. Жолаушы үшін мұндай сапар арзанырақ болады, ал жүргізуші артық уақыт жұмсамай, жаңа тапсырысқа тезірек жете алады.

Егер сапарды жолсерікпен бөліссеңіз, «Бірге» тарифін таңдап, жол жүру арзанырақ болады. «Бірге» тарифі бойынша сапарға тек үлкен багажсыз бір адамға тапсырыс беруге болатынын ескеру маңызды — яғни көлікте бір уақытта екі немесе үш жолаушы жүреді, олардың әрқайсысы «Бірге» тарифі бойынша жеке тапсырыс берген. Сұраныс жоғары кезеңде қоғамдық көлікті де пайдалануға болады. Ақпарат ұсынымдық сипатта. Нақты баға динамикасы мен сұраныс динамикасы өзгеше болуы мүмкін.