Жапонияның Хоккайдо префектурасында алып покеболл — покемондарды ұстауға арналған Pokémon әлеміндегі шар тәрізді ерекше қонақ бөлмесі салынып жатыр. Дөңгелек капсула табиғат қоршауындағы көл жағасында орналасады, ал ішінде қонақтарды покемон стиліндегі интерьер күтіп тұр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сфера Томакомай қаласында жиналып жатыр. Оның диаметрі үш метрді құрайды, ал құрылымның өзі екі акрил жартысферасы мен иілген терезеден жасалады. Осындай шешімнің арқасында покеболл қонақтың алдында ашылып жатқандай әсер қалдырады.
Ішке иілген жылжымалы есік арқылы кіруге болады. Кеңістіктің барлық дерлік бөлігін арнайы жасалған дөңгелек матрас алады. Жуынатын бөлмеде Снорлакс — мультсериал мен ойындарда үнемі ұйықтайтын покемонның түсіндегі плитка қолданылады.
Қонақтар сондай-ақ Pokémon кейіпкерлеріне арналған интерьер жарықтандыру нұсқаларын таңдай алады. Осылайша жоба авторлары Хоккайдоның табиғатын мультсериал атмосферасымен ұштастырмақшы.
Жобаны қонақүй сәулетшілерінің тобы ұйқыны бақылайтын Pokémon Sleep қосымшасымен бірлесіп дайындады. Ашылу қосымшаның үш жылдығы мен франшизаның 30 жылдығына орайластырылады.
Айта кетейік, алғашқы кезеңде қарапайым туристер нөмірді брондай алмайды. Алып покеболл ішінде бірінші болып жобаның басталуына орай өткізілетін арнайы конкурстың жеңімпаздары тоқтай алады.
Бұған дейін «Курсив» Hyundai өз модельдерінің цифрлық кокпиттеріне ностальгия қосуды шешкенін жазған болатын. Оңтүстік Кореяда бренд аспаптар тақтасы мен мультимедианы Pokemon стилінде безендірудің ресми тақырыптарын іске қосты.


