Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити Ресейден Хабаровскіде КСРО-ның Жапонияны жеңгеніне арналған ескерткішті алып тастауды талап етті. Ресей СІМ бұл мәлімдемеге жауап берді.
Санаэ Такаити Хабаровскіде Жапонияны жеңгеніне арналған, кеңес солдаты императорлық хризантема бейнеленген шекара бағанасын қиратып тұрған мемориалдың ашылуына наразылық білдірді.
"Хризантемалық елтаңба Жапонияның символы ретінде танылған, ал оның жойылуын бейнелейтін мемориалдың орнатылуы мүлдем қабылданбайды. Бұл жапон халқының сезіміне әсер ететін мәселе, және біз үкімет ретінде ресей тарапынан ескерткішті орнатуды тоқтатып, оны алып тастауды қатаң түрде сұрадық. Біз оны алып тастауды талап етуді жалғастырамыз", - деп жазды ел премьері Х әлеуметтік желісінде.
РИА Новостидің жазуынша, бұл мәлімдемеге Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова пікір білдірді.
"Егер Токио жапон тарихына немқұрайлы қарайтын болса, бұл дерт басқаларға таралмауы керек", - деді ол.
Еске салайық, жақында Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет Курил аралдарына барды, бұл Токиода қатты реакция тудырды. Онда қатаң наразылық білдіріп, жапон халқының сезіміне тиіскенін мәлімдеді. Сол кездегі жағдайға Мария Захарова да пікір білдірген еді.


