Қазақстандағы Жапония елшілігі визаға құжат қабылдау тәртібін өзгертеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
23 қыркүйектен бастап виза алғысы келгендер үшін электронды кезек іске қосылады. Талондар тек сол күні беріледі, кейін пайдалану мүмкін болмайды. Талонды сағат 9:30-дан бастап алуға болады, ал құжаттарды 2,5 сағат ішінде, яғни сағат 12:00-ге дейін тапсыру қажет. Осылайша, Астана тұрғындары кезекте күтіп тұрғанда кофе ішуге уақыт табады.
Елшілікте нақтылағандай, жаңа жүйе тек құжат тапсыру үшін ғана жұмыс істейді. Дипломатиялық өкілдікке қабылдауға немесе дайын виза алуға келгендер тірі кезекте тұруға мәжбүр.
«Дүйсенбі және жұма күндері жүктеменің көптігіне байланысты елшілікке аптаның басқа жұмыс күндері келуді ұсынамыз», — деді консулдық бөлімде.
Талонсыз құжат тапсыруға бірнеше ерекше жағдайда рұқсат етіледі: Жапония үкіметінің немесе мемлекеттік мекемелерінің шақыруы бойынша, медициналық виза алу үшін, сондай-ақ вербальді нота бойынша.
Айта кетейік, жапон визасын рәсімдеу және беру ТМД азаматтары үшін тегін. Ол үш айға жарамды, рәсімдеу бес жұмыс күнін алады. Елшілік ескертеді: туристік визамен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Жапониядағы жаңа туристік аттракцион туралы жазған болатын: Токиода сушиге арналған нағыз конвейері бар екі қабатты автобус пайда болады.


