Ресейдің Ярославль облысында ауыр қайғылы оқиға болды: Переславль-Залесский муниципалдық округіне қарасты Кубринск ауылындағы пиротехника өндіретін зауытта шыққан өрттен 14 адам қаза тапты, тағы бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, қарсаңында петарда шығаратын кәсіпорын аумағында екі ғимарат өртенген. Өртті сөндіру мүмкін болды.
Оқиға фактісі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. ТАСС ақпаратына сәйкес, дәл осы қауіпсіздік талаптарының бұзылуы пиротехника өндірісіндегі өртке себеп болуы мүмкін.
Ярославль облысының әкімі Михаил Евраев сәрсенбі, 30 қыркүйекті өңірде аза тұту күні деп жариялады.
«30 қыркүйекте өңірде Переславль-Залесский округіне қарасты Кубринск ауылындағы кәсіпорындағы өрттен қаза тапқандарды еске алу күні жарияланады. Өз атымнан және облыс әкімдігінің атынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», — деді өңір басшысы.


