Жапон киберспортшысы Юки Курихара 11 жасында өз елінде өткен Азия ойындарында жеңіске жетіп, осы дода тарихындағы ең жас чемпион атанды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Курихара «Puzzle» дисциплинасында өнер көрсетті. Жарыс Puyo Puyo Champions видеоойыны бойынша өтті.
Топтық кезеңде жапон ойыншысы төрт қарсыласының бәрін, соның ішінде қазақстандық Александр Пивоваровты да жеңді. Содан кейін плей-оффта Курихара Сингапур (5:0), Таиланд (10:1) және Оңтүстік Корея (10:2) қарсыластарын кезек-кезек ойсырата жеңді.
2015 жылы 18 маусымда дүниеге келген жапон ойыншысы Азия ойындары тарихындағы ең жас чемпион болды. Бұған дейінгі рекорд Ханчжоуда (2023 жыл) 13 жасында жеңіске жеткен қытай скейтбордшысы Цуй Чэньсиге тиесілі еді.
Ал Пивоваров сенбіде ширек финалға шығу үшін күресті, бірақ жеңіліс тапты. Сондай-ақ Қазақстанның Pokemon UNITE құрамасы да күресті аяқтады — бұл MOBA (Multiplayer Online Battle Arena) жанрындағы стратегиялық командалық ойын. Азамат Кадыр, Сардар Ерекенев және Рафа Бердалы топта соңғы орын алып, плей-оффқа өте алмады.


