2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның жекелей сындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева кезекті матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші Қытай Тайбэйінің өкілі Йа-Йи Янгпен шеберлік байқасты. Матч Путинцеваның екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:1.
Бірінші партияны қазақстандық 6:3 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші сетте Қазақстан өкілінің басымдығы бұрынғыдан да айқын болды: қарсыласына бір ғана гейм ұтуға мүмкіндік беріп, кездесуді жеңіспен тәмамдады.
Теннисшілер кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Осылайша, Путинцева Азия ойындарының жекелей сынында медаль үшін күресін жалғастыруда. Келесі қарсыласының есімі кейінірек белгілі болады.
Айта кетейік, Путинцева — Қазақстанның жетекші теннисшілерінің бірі. Жекелей жарыстарда өнер көрсетумен қатар, спортшы Анна Данилинамен жұптық сында да бақ сынайды.
XX жазғы Азия ойындары Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Жарыстар 4 қазанда мәресіне жетеді.


