Қазақстанның әйелдер арасындағы жеке сында екінші ракеткасы Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өткен Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) 250 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды infohub.kz.

Әлемдік рейтингте 82-орында тұрған әрі тоғызыншы нөмірмен себілген спортшы мысырлық 97-ракетка Маяр Шерифпен кездесті. Ойын үш сетке созылып, Путинцеваның 2:6, 6:3, 6:7 (5:7) есебімен жеңілуімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 3 сағат 10 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Юлия бір эйс жасады, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Осылайша Путинцева турнирдегі өнерін ширек финалда аяқтады.