Украина Қарулы Күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы елшісі Валерий Залужный Украинаның НАТО-ға ешқашан мүше болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Еуропалық ақиқат» басылымының мәліметінше, Залужный Украина Конституциясында бекітілген альянсқа кіру бағытын перспективалы деп санамайды. «Мен НАТО-ны өте жақсы білемін. Шамамен 12 жыл бойы НАТО стандарттарын меңгеруге жеке өзім атсалыстым және жыл сайын НАТО-ға ене жазамыз деген ертегілерді тыңдадым. Өкінішке қарай, біз оған ешқашан кірмейміз!» — деді бұрынғы бас қолбасшы.
Залужный Қарулы Күштердің қазіргі даму деңгейімен альянсқа қосылу мүмкін емес деп сенімді. Сондай-ақ ол НАТО Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі доктриналарды басшылыққа алатынын атап өтіп, ұйымның әлеуетіне өте теріс баға берді.
«НАТО, ең алдымен, қазіргі күйінде қалады, ал Украина Ресей Федерациясының жарты деңгейіне теңесу үшін қажетті стандарттарға көшуіне 12 жыл кетеді», — деді генерал.
Дегенмен Залужный бүгінде Украинаға НАТО елдерінде бар технологиялар қажет екенін мойындады.
Бұрынғы бас қолбасшы сондай-ақ Украина үшін басқа одақтар тиімдірек болуы мүмкін деген пікір білдірді. «Украина құрылатын блоктар мен одақтарға қосылады. Сірә, еуропалық әскери қауіпсіздік блогы туралы сөз болады», — деп есептейді ол.


