Қазақ тілі
3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Қатесіз, дұрыс жазуға үйрету.
2. Берілген тапсырманы орындай отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз беттерінше ізденуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, суреттер, магнит тақта, жазба материалдар, сандық, алтын кілт, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: пысықтау
Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру, семантикалық карта, жаттығулар, өздік жұмыс, жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызда айтайық,
Білімімізді бастайық
Мына отырған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Заттарды ата. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазу керек болатын. 2 - 3 оқушыдан сұрау.
2. «Жасырынған қосымшаны тап» ойыны. Қосымша түрін ажырату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Кім? Не? Деген сұрақ қойып,
Сөйлемде ой иесі боламын. Зат есім.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Зат есім» Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақтарға жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Зат есімге мысал келтіріңдер.
2. Алтын сандық. Ашылмайды, кілті жоқ екен.
- Кілті қандай деп ойлайсыңдар?
- Ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Ішінде не барын сабақтың соңында бірақ білетін боламыз! Өзімізді жақсы жағымыздан көрсетіп, сабаққа белсене қатысайық.
3. Дәптермен жұмыс. Өздік жұмыс.
Сандық сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Сандық - 2буын, 6 әріп, 6дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс
С - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан
Н - дауыссыз, үнді
Д - дауысыз, ұяң
Ы - дауысты, жуан
Қ - дауыссыз, қатаң
3. Сөзжұмбақ шешу.
4. Оқулықпен жұмыс
2 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. Мәтінді оқу. Ат қою. Зат есімдерді көшіріп жазу.
5. Мамандық иелеріне қажетті құралдарын табуға көмектесейік.
6. Сергіту сәті.
7. 3 - жаттығу Топтастыру.
Адамдар: нағашы, аға, мұғалім
Құстар: аққу, қарлығаш, қарға т. б.
ІV. Қорытынды. Семантикалық карта. Жұппен жұмыс. Бірін - бірі тексеріп баға қояды.
Біз нені үйрендік?
Зат есім туралы не білеміз?
Зат есімге мысал келтір.
V. Алтын сандық кілті табылды. Ашып қарайық. Хат шықты. Оқу.
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді.
Адамның досы – кітап, өмір кілті. Міне, сендер білімдеріңнің арқасында алтын сандықты аштыңдар.
Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу
Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз876 қаралым
#ашық сабақ жоспары#зат есім бастауыш#қазақ тілі 3 класс
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

