Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) жеке басқарушы компанияларға зейнетақы жинақтарын аудару көлемі өсіп келеді. Бұл туралы брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі, infohub.kz сайты жазады.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қазақстандықтар зейнетақы шоттарын белсендірек басқара бастаған және қаражатты жеке компанияларға сеніп тапсырудың пайдасын өз бетінше бағалайды.

«Бұл көбіне адамдардың өздері есептей бастағанымен байланысты. Адамдар зейнетақы шоты — бұл шот екенін, оны жоғарырақ пайыздық мөлшерлемемен көбейтіп беретін адамды іздеу керегін түсіне бастады… Меніңше, 100 млрд аударылды. Бізде шамамен 100 млрд болды. Қазір, мүмкін, одан да көп», — деді Тимур Сүлейменов.

Оның сөзін орынбасары Әлия Молдабекова растады. Ол жеке зейнетақы қорларының басқаруындағы қаражат көлемі ұзақ уақыт 70–80 млрд теңге болғанын, ал қазір 200 млрд теңгеге жақындап келе жатқанын нақтылады.

«Бәрі дұрыс. Бізде жеке зейнетақы қорларының көлемі ұзақ уақыт 70–80 млрд теңге болды, ал қазір 200 млрд теңгеге жуық. 7 қыркүйектен бастап жинақтың 50%-ын емес, 100%-ын жеке компанияларға басқартуға болатынына байланысты шамамен 100 млрд теңге аударылды», — деді ол.