Владимир Зеленский Украинаның БАҚ-ына елдің маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған соққылардың салдарын фото мен видеоға түсіріп жариялауға тыйым салатын бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Deutsche Welle агенттігінің мәліметінше, «маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғауды күшейту шаралары туралы» шешімді Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жылыту маусымы қарсаңында қабылдаған. Мемлекет басшысының бұйрығы бұл шешімді ресми түрде күшіне енгізеді.
Министрлер кабинеті тыйымды орындау тетігін, сондай-ақ оны бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын пысықтайды деп күтілуде. Басылымның атап өтуінше, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі шешімінің мәтінінде тек БАҚ туралы айтылған, ал соққылардың салдарын әлеуметтік желілерде жариялайтын азаматтар туралы ештеңе жоқ.
Соққылардың салдары туралы «сезімтал ақпаратты» таратуға тыйым Украинада 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқаны ерекше аталады.
«Украина Қарулы күштерінің жедел ақпаратына» әуе қорғанысы жүйелерінің жұмысы бейнеленген, жүйелердің орналасуын анықтауға мүмкіндік беретін видео мен фото, сондай-ақ «соққы тиген» жерлер мен тиісті қираулар туралы мәліметтер жатады. Бұған қоса, маңызды инфрақұрылымның зақымдануы, украин әскерлерінің қозғалысы немесе қару-жарақ жеткізілімі туралы деректер де осы санатқа кіреді. Ал ресми ведомстволар жариялаған ақпаратқа тыйым қолданылмайды.


