Украина президенті Владимир Зеленский Анкарада өтетін маңызды кездесу алдында Ресей басшысы Владимир Путинге үндеу жасады. Ол өз мәлімдемесінде тікелей келіссөзге дайын екенін, бірақ Путиннің бетпе-бет кездесуден қашып отырғанын айтты.
— Мен Путинмен бетпе-бет келіссөз жүргізу үшін барлығына дайынмын. Бірақ ол менен қорқады, — деді Зеленский.
Мемлекет басшысы 15 мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Анкарада кездесетінін мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, сол күні Путин де сол жерде болады деп үміттенеді.
— Егер ол келмесе, онда Ердоған екеуміз Ыстамбұлға аттанамыз, — деді ол.
Бұл мәлімдеме Украина–Ресей қақтығысын дипломатиялық жолмен реттеу әрекеттерінің жаңа кезеңге өткенін аңғартады.


