Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге Ақ үйдің Овал кабинетінде немесе Мар-а-Лаго резиденциясында қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.

Мұндай мәлімдемесі бар сұхбат журналист Лора Лумердің әлеуметтік желі X-тегі парақшасында жарияланды.

Мәскеумен бейбіт келісімге, мысалы, Овал кабинетінде қол қоюға дайындығы туралы сұраққа Зеленский: «Иә, мен дайынмын. Мен әрқашан президент Дональд Трампқа АҚШ-қа, Овал кабинетіне немесе Мар-а-Лагоға келуге дайын екенімді айтып келдім. Бәрі президент Трампқа байланысты», — деп жауап берді.

Сонымен қатар украин көшбасшысы бейбіт келісімге келгенде мәселе оны қай жерде қол қою емес, қашан қол қойылатыны екенін айтты.