Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамптың Қытайдағы үшжақты кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путинді өзінің досы деп атаған мәлімдемесіне пікір білдірді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Еске салайық, 19 қарашада Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Осы кездесу барысында ол Владимир Путинді өзінің досы деп атады. Кейін Трамп Шэньчжэньдегі кездесуді 10 балдан 12 балл деп бағалағанын мәлімдеді.
Украина президенті Владимир Зеленский CNN телеарнасына берген сұхбатында Трамптың Путин туралы айтқан сөздеріне пікір білдірді.
«Трамп президенттің өзі Путинді қалай атауды шешеді. Бірақ, әрине, біз үшін ол — жау. Және, әрине, біз үшін ол — қанішер. Меніңше, бүкіл әлемдегі адамдар үшін де ол негізінен қанішер, өйткені ол өлтіреді. Айтпақшы, ол күн сайын, түн сайын өлтіреді», — деді Зеленский.


