Тақырыбы: Зеректік. Есімшенің септелуі
Қазақ тілі 10 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып қазіргі технология жаңалықтары туралы өз ойларын айтуға үйрету, есімшенің септелуін меңгерту
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап бере алады. Септік сұрақтары мен жалғауларын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін мазмұнын өз сөзімен айта алады, есімшені септейді.
Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша пікірін білдіріп, ой қосады, сөйлем ішінен есімшені тауып талдайды, жасалу жолын түсіндіреді;
Тілдік мақсат Оқушылар:
Ойларын жеткізе алады, салыстырады, дәлелдейді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
қолайлы көпір, жолдың үстін кесе тартқан, шынжыр, бағана
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сөз, сөз тіркесі, сөйлем
Талқылауға арналған тармақтар:
Етістік, есімше, септік, септік жалғаулары
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Жаңа технологияларды ендіруде адам табиғаттан нені үйренді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
сауатты жазу, үндестік заңы
Алдыңғы оқу
Етістіктің шақтары
Салт – дәстүрлер
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).
Басталуы
І Ұйымдастыру кезеңі
IV Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару
1.«Досқа лебіз» тренингі. Оқушылар бір – бірінің атының басқы әрпіне сын есім қосып айтады; Мысалы: Ақылды - Артем
2. Топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру
3. Миға шабуыл
Адам табиғаттан нені үйренді?
Сұрақ - жауап
Слайд көмегімен инелікке қарап тікұшақ жасауды үйренді, құстарға қарап ұшақ жасауды үйренді т. б. пікірлерін тыңдаймын.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар өрмекші торына қарап нені үйренуге болады?
Адам нені үйренген?
Жаңа сабақ
Ы. Алтынсариннің «Зеректік әңгімесі»
1. Топта оқып талқылауға 3 - минут беріледі.
2. Топтар өзара сұрақ қойып жауап береді
3. Берілген сөйлемдерге сұрақ ойлап, сұхбат құрастырады.
Сынып болып талқылау
Грамматикалық тақырып
Сонымен алғашқы аспалы көпір туралы ойды Броун өрмекші торына қарап ұққан.
Ұққан – есімше
Есімшенің не екенін мысалдар көмегімен кестеге сүйене отырып түсіндіремін.
Жасалу жолын көрсету
Есімше септеледі, тәуелденеді, жіктеледі
Топ мүшелеріне арналған тапсырмалар:
1. Септіктерді сұрағымен жазады;
2. Берілген есімшені септеу
3. Септік жалғауын бөліп көрсету
5. Бір сөйлем құрастыру
Тапсырма критерийлері ұсынылады сол бойынша өзара бағалау жүргізіледі
Жалпы сабақты бағалау:
9 – 10 жұлдыз – “5”
7 – 8 жұлдыз – “4”
5 – 6 жұлдыз – “3”
Мұғалімнің есімі: Тауханова Д. А.
Зеректік. Есімшенің септелуі. жүктеу
Зеректік. Есімшенің септелуі
Тақырыбы: Зеректік. Есімшенің септелуі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз543 қаралым
#зеректік#қазақ тілінен күнделікті жоспар#қазақ тілі 10 сынып#есімшенің септелуі
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

