Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған баласы жасаған құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім мектепте бопсалау және буллингпен айналысқан, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
2026 жылы мамырда ауыл мектептерінің бірінде 9-сынып оқушысы бірнеше 8-сынып оқушысына қатысты буллинг жасап, олардан ақша талап еткен. Кінәлі қылмыстық немесе толық әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан (буллингті 12-16 жас аралығындағы жасөспірім жасаған), хаттама оның анасына қатысты жасалды.
Сотта азаматша Ж. кінәсін толық мойындап, істің барлық мән-жайын растап, ұлының тәртібін бақылауды күшейтуге уәде берді. Сот әйелді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағанның буллинг жасауы») кінәлі деп танып, оған 43 мың теңге (10 АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енген. Сот іс бойынша ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ.


