Жамбыл облысының Талас аудандық сотында жеткізілмеген құрылғы үшін төленген ақшаны өндіріп алу туралы азаматтық іс тараптардың татуласуымен аяқталды: сатып алушыға тауар үшін төлеген сомасынан 200 мың теңге артық төленеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram-арнасында мәлім болғандай, сотқа жүгінуге құрылғыны сату-сатып алу және жеткізу шарты бойынша міндеттемелердің орындалмауы себеп болған.

2026 жылдың наурызында Қостанай облысының тұрғыны құны 1,2 млн теңге болатын лазерлік құрылғыны сатып алып, толық төлем жасаған. Алайда тауар оған берілмеген, ақшасы да қайтарылмаған.

Сатып алушы сатушыдан және төлем жүргізілген жеке кәсіпкерден ақшаны өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот татуластыру рәсімдерін қолданған соң тараптар дауды бейбіт жолмен шешуге ниет білдіріп, келісімге қол қойды.

Келісім шартына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 1,4 млн теңгені 2027 жылдың наурызына дейін алты ай сайынғы төлеммен төлеуге міндеттенді. Төлем кестесі бұзылған жағдайда талап қоюшы қалған берешек сомасын мәжбүрлеп өндіріп алу үшін атқарушылық құжат алуға жүгінуге құқылы.

Сот келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Талап қоюшыға мемлекеттік баж қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енді.