Шу қаласының 46 жастағы тұрғыны пойыздың астына түсіп қалды. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Жәбірленушіге көптеген сынықтар диагнозы қойылды, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап infohub.kz.

Оқиға Шу қаласындағы станция маңында болған. Көзәушілердің айтуынша, 46 жастағы әйел жолды кесіп өтіп бара жатқанда, жүк пойызының бір бөлігі оны қағып кеткен. Платформа пойыздан бөлек қозғалған.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Соққы салдарынан жәбірленуші көптеген сынықтар және ішкі ағзалардың жарақаттарын алған. Қазіргі уақытта ол реанимацияда жатыр.

«Әлі күнге дейін шокқа қарсы терапия жүргізілуде. Телефон арқылы нейрохирургтер, торакальды хирургтермен телемедицина ұйымдастырылып, емдеу келісілген. Қазіргі уақытта науқас әлі тасымалдауға жарамсыз деп есептеледі», — деді Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы орынбасары Қаһарман Сафаров.