Жаңа Мәскеуде оқушы мектепке суық қару әкеліп, мұғалімге шабуыл жасады. Шабуылдаушы күзетшілер тарапынан залалсыздандырылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Жаңа Мәскеудегі №1392 мектептің директоры Денис Бахаревтің айтуынша, таңертең денсаулығында ерекшелігі бар оқушы ғимаратқа суық қарумен келіп, мұғалімге шабуыл жасамақ болған. Оның сөзінше, жасөспірімді күзетшілер дереу залалсыздандырған.

Шабуыл салдарынан мұғалім беткі жарақат алды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, өміріне қауіп жоқ. Мектепте полиция жұмыс істеп жатыр, ішкі тергеу жүргізілуде.

Ресей ІІМ-нің Мәскеу бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі оқиға туралы ақпарат оларға түспегенін мәлімдеп, тергеу комитетіне жүгінуді ұсынды. Ал Мәскеу бойынша Тергеу комитетінің бас тергеу басқармасында түсініктеме беруден бас тартты.