Алматыда бүгіннен бастап Жандосов көшесін жөндеуге байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әкімдіктің мәліметінше, Жандосов көшесін орташа жөндеуге байланысты уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі. 21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Даулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
«Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға, уақытша жол белгілерінің талаптарын және жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін», — деп ескертті әкімдік.


