Веллингтон маңындағы Жаңа Зеландия жағалауында қоңыр поморниктен H5N1 құс тұмауы вирусы анықталды. Бұл елдегі теңіз қоныс аударатын құстар арасында бұл штаммның алғашқы тіркелген жағдайы, деп хабарлайды infohub.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Сынақ оң нәтиже көрсеткенімен, Жаңа Зеландияда құстардың жаппай қырылуы немесе жабайы және үй құстары арасында вирустың таралу белгілері жоқ. Сақтық шарасы ретінде билік сирек кездесетін түрлерге вакцинация бағдарламасын бастады: елімізде тіршілік ететін бес осал түрден 300 құс екпе алады.
Еске сала кетейік, бір ай бұрын Австралияда құс тұмауының қауіпті штаммы анықталған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, онда 14 жұқтыру жағдайы тіркелген.


