Жапонияның оңтүстік-батысындағы магнитудасы 7,1 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 28-ге жетті, тағы бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды infohub.kz.

Құрбандар санының артуы туралы Жапония үкіметінің бас хатшысы Минору Кихара баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Полиция есебі бойынша бүгін сағат 6:30-дағы жағдай бойынша, жер сілкінісімен байланысы анықталып жатқандарды қоса алғанда, қаза тапқандар саны 28 адамды құрады», — деді ол. Бұл санға тікелей апат кезінде қаза болғандар да, кейінгі салдардан қайтыс болғандар да кіреді.

«Бұл өлімдердің жер сілкінісімен байланысты екенін анықтау үшін өлім себептерін талдау қажет. 28 құрбанның ішінде талдау жүргізіліп жатқандар да бар», — деп атап өтті жапон үкіметінің өкілі. Жанама себептерге денсаулықтың күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың өршуі немесе ұзақ уақыт көлікте медициналық көмексіз отырғанда пайда болатын «эконом класс синдромы» жатады.

Сонымен қатар, жарақат алғандардың бесеуі ауыр халде қалып отыр. Бұған дейін Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында болған жер сілкінісінен 13 адам қаза тапқанын хабарлаған еді.

Магнитудасы 7,1 жер сілкінісі Кумамото префектурасын дүр сілкіндірді, кейбір аймақтарда цунами дабылы жарияланды. Апаттың кадрлары желіде пайда болды, оны соңғы 10 жылдағы ең күшті жер сілкінісі деп атады. Қатты жер асты дүмпулерінен кейін префектурадағы Aeon Mall Kumamoto сауда орталығында жарылыс болды.