Астаналық «Женис» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 18-туры аясында өз алаңында Жезқазғанның «Ұлытау» командасымен тең түсті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Жезқазғандықтардың алғашқы голын қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зұлфықаров 65-минутта соқты.

86-минутта астаналық клуб ойыншылары есепті теңестірді. Команданы жеңілістен отандық қорғаушы Мади Хасейн құтқарды, оған хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович пас берді.

18 турдан кейін «Женис» 22 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатында сегізінші орында тұр. «Ұлытау» 27 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші сатыда орналасқан.