Жуырда ғана өзінен 15 жас кіші қызға үйленген әнші Жігер Ауыпбаев отбасындағы жағдайды жариялап, елді қуантты. Ол әлеуметтік желілерінде жанкүйерлерін таңғалдырған бейнежазбаны көрсетіп, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оның жас жұбайы Мумина домбырада күй орындады. Әншінің өзі көргеніне таң қалғанын жасырмай, жазылушылардың назарын аударды.

«Мен таңғалдым. Мен оның мұндай таланты бар екенін білмеппін. Келініңіз күн сайын жаңа қырларын көрсетіп жатыр. Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай таланттарын бағалаңыздар», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Муминаның музыкалық қабілетін жоғары бағалап, көптеген таңданысты пікірлер қалдырды. «Жаңа дуэт», «Айша мен Бүркіт», «Нәзік келін, жақсы ойнайды екен» деген сынды ықыластарын аямады.