Мысық тұқымдасы әрқашан адамдардың көңілін көтереді — үй жануарлары немесе жабайы туыстары болсын. Бүгін біз сіздерге жолбарыстар мен моншада ыстықтануды жақсы көретін мысық туралы үш көңілді бейнеролик дайындадық, деп хабарлайды infohub.kz.
Приморье өлкесінде амур жолбарысы неміс жабайы табиғат фотографы Саша Фонсекаға тиесілі фотокақпанды өзіне меншіктеп алды. Маман техниканы үңгірге орнатқан еді, алайда көп ұзамай тайга иесі келіп, құрылғыны тісімен алып, белгісіз бағытқа алып кетті.
Қазақстандық интернет сегментінде жолбарыс-блогер пайда болды. Жасанды интеллект көмегімен жасалған жолбарыс өзінің шомылуын, шашлық қуыруын және жағалаудағы қоқысқа наразылығын көрсетіп, блог "жүргізеді".
Бір видеоның авторы монша есігінің алдына үнемі келіп, кіргізуді талап ететін түкті көрші туралы әзілдейді. Қыздың айтуынша, мысықсыз монша рәсімдері басталмайды: мұртты парильщик өзі келіп, қатты мияулап, шақыруды күтеді.
Осы және басқа да қызықты, шабыттандыратын видеоларды Instagram-дағы Dala.Vibe парақшасынан таба аласыз. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі шабыттандыратын оқиғалар, жақсы әңгімелер мен жарқын жобалар туралы бірінші болып білу үшін жазылыңыз.


