Лондон сән апталығы тағы да ерекше перформанспен көзге түсті: жүктілік пен емшек сүті подиум шығуының бөлігіне айналды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Көрсетілім 21 қыркүйекте Лондонда өтті. Коллекцияның авторы — грек дизайнері Димитра Пеца. Ол шоуды ана болуға, жүктілікке және әйел денесінің өзгерістеріне арнады.

Қатысушылардың бірі жүкті әнші Лей-Энн Пиннок болды. Ол ашық іші көрінетін ақ киіммен және перформанстың басты бөлігіне айналған аксессуармен подиумға шықты.

Көрсетілімнің финалында бюстгальтерден емшек сүтін имитациялайтын сұйықтық ағыны атқылай бастады. Олар Пинноктың қасында тұрған модельдерге тиді.

Көрсетілімнің өзі де, топтама да Holy Milk деп аталды. Жүкті Пинноктан бөлек, оған басқа да болашақ аналар мен балаларымен келген аналар қатысты. Пиннок қазір үшінші баласын күтіп жүр. Әншінің 2021 жылы дүниеге келген егіздері бар. Жұлдыз подиумдағы бұл тәжірибені шабыттандыратын деп атады.

«Жүктілік көбіне жасырылуы тиіс нәрсе ретінде қабылданады. Бізге жабылуға, абай болуға, дене өзгерістерін ескеріп киім таңдауға кеңес береді. Осы үдерісте дене біздікі екенін және онымен мақтануға құқылы екенімізді ұмытып кетуіміз мүмкін. Сондықтан жүкті күйде, денеңнің не істей алатынын жасырмай, подиумға шығып, мұны тойлау мүмкіндігі», — деп жазды Пиннок шоудан кейін әлеуметтік желілерде.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle сән апталықтарындағы бұрынғы шулы перформанстарды еске алған болатын.