Қазақстандық актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-да өзінің өмірлік ұстанымдары туралы ашық жазба жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жұлдыздың айтуынша, ол өзін жауынгер санайды, өйткені отбасы мен шығармашылық ұжымы үшін жауапкершілік арқалайды.
«Біреуге аққу болып көрінуім мүмкін, енді біреуге — қарға. Бұл маңызды емес. Айналамдағылар маңдайымда бақ қойғандай, басымда тәж бардай көрсе де, жүрегімнің түкпірінде өзімді жауынгер сезінемін. Отбасымның, балаларымның, жақындарымның және ұжымымның амандығы үшін жауаптымын — олардың барлығы менің қамқорлығымда. Иә, мен талапшылмын. Бірақ айналамдағы адамдарға ешкімнің қиянат жасауына жол бермеймін. Сондай-ақ жеке қарым-қатынасты жасыру немесе жұртқа жария ету — өз құқығым деп білемін. Алайда арамызда келіспеушілік туындаса, барлық байланысты толық әрі дереу үземін», — деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары жазбаға тәнті болып, пікір қалдырды: «Барлығы көзқарасынан-ақ көрініп тұр», «Өмірде әдемі жүреді», «Жүрісі әдемі, сенімді. Балапандарын ренжітпейді. Ол керемет».


