Әлеуметтік желілерде ерекше қызмет танымал болып келеді: пайдаланушылар өз сүйікті жануарларының естелігін алмазға айналдыра алады. Бұл – Жердегі ең қатты материал, деп хабарлайды infohub.kz.

Компания үй жануарларының жүнінен, қауырсынынан немесе күлінен алмаз синтездейді. Осылайша ит, мысық, құс, теңіз шошқасы, қоян немесе хомяк секілді жануарларды мәңгілікке сақтауға болады. Сонымен қатар, адам шашынан да асыл тас жасауға болады.

Компанияның түсіндіруінше, жүн мен шаш құрамында кератин құрылымында шамамен 49% көміртегі бар. Ал алмаз – таза көміртегі. Оны барлық қоспалардан жер қойнауындағыға ұқсас жағдайларда тазартады.

«Одан кейін осы көміртегіден графит дискісін жасаймыз, ол HPHT-преске (жоғары қысым, жоғары температура) салынады, онда шамамен 1400°C температурада және 50–60 мың атмосфера қысымында көміртегі алмазға кристалданады», – деп түсіндірді идея авторлары.

Содан кейін тасты қырлап, мысалы, сүйікті итінің жүнінен жасалған гауһар сақинасына қолдануға болады. Мұндай алмазды алу үшін бар болғаны 5 грамм жүн жеткілікті. Синтезден кейін тасты әр түрлі түске бояуға немесе мөлдір күйінде қалдыруға болады.

Қызмет құны 0,5 карат (0,1 г) салмақтағы гауһар үшін 900 мың теңгеден басталады. Компанияның кеңсесі Мәскеуде, ал зертханасы Беларусьте орналасқан. Клиенттерге пошта арқылы материал жинау жинағы жіберіледі, оның ішінде пинцет, қасық, дорба, шашқа арналған контейнер, нұсқаулық және цирконийден жасалған гауһар макеттері бар.

Бұған дейін Алматыда үй жануарларына арналған колумбарий салу жоспарланғаны мәлім болды.