Жетісай аудандық прокуратурасы уақытылы зейнетақы аударымдарын алмаған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қалпына келтірді. Тексеруден кейін берешек толық өтелді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қадағалау іс-шаралары барысында аудандық білім бөлімінің ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметкерлеріне міндетті зейнетақы жарналарын белгіленген мерзімде аудармағаны анықталды. Бұзушылық 41 білім беру ұйымының 3766 педагогын қамтыды. Аударылмаған қаражаттың жалпы сомасы 33,8 млн теңгені құрады.
«Тексеру аудандық білім бөлімінің ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметкерлеріне қатысты міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағанын көрсетті. Бұзушылықтар 41 білім беру ұйымының 3766 қызметкерін қамтыды. Нәтижесінде жалпы сомасы 33,8 млн теңге міндетті зейнетақы жарналары белгіленген мерзімде аударылмады», – деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасында.
Қадағалау органының мәліметінше, бұл қызметкерлердің уақытылы зейнетақымен қамтамасыз етілуіне конституциялық құқықтарының бұзылуына әкелді. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін бұзушылықтар толығымен жойылып, барлық міндетті зейнетақы жарналары толық көлемде аударылды.


