Палеонтологтар Зимбабведен табылған қалдықтар бойынша Musango matusadonaensis деген жаңа динозавр түрін сипаттады. Бұл табылған жәдігер Африканың кеш триас дәуіріндегі экожүйелері туралы түсінікті өзгертеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Халықаралық палеонтологтар тобы 2018 жылы Зимбабвенің солтүстігінен қазып алынған қаңқаны зерттеді. Жануардың жасы шамамен 210 миллион жыл – бұл кеш триас кезеңі. Динозаврдың атауы шона тіліндегі «мусанго» сөзінен шыққан, ол «бұтада тіршілік ететін» дегенді білдіреді.
Musango matusadonaensis жеңіл дене бітіміне ие болды: ұзындығы шамамен 4,5 метр, салмағы – 222 келідей. Қазба қалдықтарында омыртқалар, қабырғалар және аяқ-қол сүйектері жақсы сақталған. Ғалымдар жануардың шамамен сегіз жаста болғанын анықтады. Сүйектерде бастан кешкен жарақат немесе инфекцияның іздері табылды. Бас сүйегі сақталмаған, бірақ динозавр өсімдікқоректі немесе бәріқоректі болған деп болжанады.
Жұмыс авторларының бірі, Лондондағы Жаратылыстану мұражайының қызметкері Пол Барретт: «Жақында ғана Оңтүстік Африка динозавр фаунасы бірдей болды деп есептеліп келді» деп атап өтті. Табылған жәдігер аймақтың әртүрлі экожүйелерден тұрғанын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері Journal of Systematic Palaeontology журналында жарияланды.


