Мектепалды даярлық топ
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Зообаққа саяхат
Мақсаты:
1) Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.
2) Зообақтағы аңдарды бақылау арқылы балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау және тілдік қорларын дамыту.
3) Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, бақылау, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын ойнау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, тақырыптық суреттер, дидактикалық материалдар, слайд, бейнетаспа.
Жаңа сөздер: төлдері, қонжық, бөлтірік, көжек, күшік
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келді. Қане, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы таң!
Сәлеметсіздер ме қонақтар - деп амандасып аламыз.
- Енді шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Армысың достарым!
Тәрбиеші: Құттымбетова Т. Н.
Зообаққа саяхат жүктеу
Зообаққа саяхат
Мектепалды даярлық топ
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз555 қаралым
#тіл дамыту#жабайы аңдар#жабайы жануарлар#хайуанаттар бағына саяхат#зообаққа саяхат
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

