Класы: 5
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: "А. Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы А. Құнанбаев туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, өздігінен ой - өрістерін, сана - сезімдерін дамыту
Тәрбиелік. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: суреттер, тірек - сызбалар, т. б.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымдарын тексеріп, журнал толтырамын. Класс тазалығына мән беремін. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру.
§35. Түсініктерін сұрап, сұрақ - жауап аламын.
Үй жұмысын қорытындылап бекітемін.
Сұрақ - жауап түрінде.
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың мақсатын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырамын.
Ой түрткі.
Абай Құнанбаев кім?
(Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, сазгер, күйші, аудармашы т. б.)
* Мәтінмен танысу.
* Кестені толтыру.
Абай Құнанбаев
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген
Қандай өлеңдерін білесіздер
Қанша
қара сөзі бар
Шығармаларында жастарды неге шақырады
"Жұлдызды сәт" ойыны.
1) Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы? (А. Құнанбаев)
2) А. Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары? (1845 - 1904)
3) Абай қай жерде туды? (Шыңғыс тауында)
4) Абай Құнанбаевтың шын есімін атаңыз? (Ибраһим)
5) Абай Құнанбаевты кім Абай деп атап кетті? (Анасы Ұлжан)
6) Абай Құнанбаев қай рудан шықты? (Тобықты)
7) Абайдың әкесі Құнанбай старшын болған ру... (Тобықты)
8) Абайдың ең жақын досы? (С. Гросс)
9) Қазақ әдебиетінің дамуында Абайдың сіңірген еңбегі қандай?
(Жазба әдебиетінің негізін салушы)
10) Абай Семейде қандай оқу орнында оқыды? (Ахмет Риза медресесінде)
11) Құнанбай неліктен Абайды оқуын бітіртпей алып кетті? (Ел басқару ісіне араластырғысы келді)
12) Абайдың сана - сезімінің кеңеюіне орыстың қай интеллигент өкілі әсер етті? (Толстой)
13) Біржан сал Қожағұлұлының кіммен кездесуі (1865 ж.) сазгерлік шеберлігінің дамуына әсер етті? Абай (20 жас)
14) Абайдың философиялық нақыл сөздері берілген шығармасын ата? (Ғақлиялар)
15) "Орта жүз руларының шығу тегі туралы" еңбектің авторы кім? (Абай)
16) Абай кімнің шығармаларын аударды? (Гете)
17) Абайдың ұлы Әбдірахман қайда білім алды? (Петербург)
18) А. Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс? (Шыңғыс болысы)
19) А. Құнанбаевтың әжесінің есімі? (Зере)
Сөзжұмбақ.
Т О Б Ы Қ Т Ы
Г Е Т Е
Ұ Л Ж А Н
Ғ А Қ И Я Л А Р
А Х М Е Т Р И З А
З Е Р Е
А Қ Ы Н
Тігінен.
1) Абайға жеңгелерінің еркелетіп қойған аты? (Телғара)
Көлденеңінен.
1) А. Құнанбаевтың руын ата?
2) А. Құнанбаев кімнің шығармаларын аударды?
3) А. Құнанбаевтың анасының аты?
4) А. Құнанбаевтың философиялық нақыл сөздері берілген шығармасын ата?
5) А. Құнанбаев Семейде қандай оқу орнында оқыды?
6) А. Құнанбаевтың әжесінің есімі?
7) Абай Құнанбаев кім?
Сабақты сәйкестендіру тестімен жалғастырамын.
Абай ------------шешесі
Ибраһим-------- азан шақырып қойған есімі
Телғара ---------жеңгелері
Сабақты қорытындылап бекітемін.
Үйге: §36. Оқып келу. Қосымша тапсырмаларды орындау.
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз902 қаралым
#абай құнанбаев#қазақстан тарихы#ашық сабақ#қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ұсынылады
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
Римде X ғасырдың 20 англосаксон монетасы табылды
Римде археологтар X ғасырдың 20 англосаксон монетасын тапты. Олжа Англиядан келген қоныстанушылардың Рим Папасының рұқсатымен өз валютасымен төлегенін растайды.
Алаш Ордабай·2026 ж. 2 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

