АҚШ Қарулы күштерінде 81 жылдан бергі алғашқы ату жазасы жария түрде орындалады — үкімді орындау күні 3 желтоқсанға белгіленді. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Сөз Нидал Малик Хасанды ату туралы болып отыр. Ол 2009 жылы Техас штатындағы әскери базада 13 әріптесін өлтірген.

«Адамдардың бұған куә болуын қамтамасыз етеміз, жаза жария түрде орындалсын, өйткені халық мұндай әрекеттер ауыр зардаптарға әкелетінін түсінуі керек», — деді АҚШ соғыс министрі Пит Хегсет.

Алайда Пентагон басшысы ведомствоның атудың жариялылығын қалай қамтамасыз ететінін нақтыламады.

Айта кетейік, бұл — 81 жылдан бергі америкалық әскери қызметшіні атудың алғашқы оқиғасы: соңғы рет мұндай үкім 1945 жылдың қаңтарында орындалған. Онда Франциядағы дезертирлігі үшін АҚШ әскерінің қатардағы жауынгері атылған.

Бұған дейін Дональд Трамп Форт-Худ базасында 13 адамды өлтіріп, тағы 32 адамды жаралаған Нидал Малик Хасанға өлім жазасын орындауды мақұлдағаны белгілі болды. Кейін ату күні — 2026 жылдың 3 желтоқсаны белгіленді.