Стамбулда өтіп жатқан 2026 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев пьедесталға көтерілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жұптық разрядта ол Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. U19 жас санатында бұл жұп екі жеңіске жетті, алайда кейін жартылай финалда ұтылып қалды.

Сөйтіп, Құрманғалиев пен Фараджи турнирдің қола жүлдегері атанды. Дәл осындай медальді француздар Натан Пилар мен Антуан Нуро да иеленді. Финалда Қытай мен Оңтүстік Корея жұптары чемпиондық атақ үшін таласады.

Бұған дейін жеке разрядта Құрманғалиев бірінші матчтан кейін-ақ өнерін аяқтаған болатын. Сонымен қатар қазақстандық мысырлық Хана Годамен бірге аралас жұптар турниріне қатысты, бірақ бұл жұп та жарыстың басында жеңіліс тапты.

Айта кетейік, 2022 жылы Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатының пьедесталына бір шыққан, бірақ ол кезде басқа жас санатында — U15-те. Сол жылы ол Годамен бірге аралас жұптық разрядта жеңіске жетіп, жеке турнирде қола жүлде алған еді.