Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Алматыда өткен ATP 250 хард турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әлемдік рейтингте 19-орында тұрған спортшы үшінші септелгендіктен, екінші айналымға автоматты түрде өтті. Бұл кезеңде ол әлемнің 64-ракеткасы Фабиан Марожанмен ойнауы жоспарланған еді.
Кездесу басталар алдында бірнеше минут бұрын венгр теннисшісінің денсаулығына байланысты жарыстан бас тартқаны белгілі болды. Бублик күрессіз ширек финалға шығып, онда әлемдік рейтингте 25-орында тұрған және бесінші нөмірмен септелген ресейлік Карен Хачановпен кездеседі.
Almaty Open ұйымдастырушылары қазақстандық теннисшінің өтпей қалған матчына қатысты мәлімдеме жасады. Көрермендер билет ақшасын қайтара алады.
«Almaty Open 2026 турнирінен бір ойыншының бас тартуына байланысты матч өтпеді. Бас тарту туралы шешімді спортшы қабылдады, ол турнирдің ұйымдастыру комитетіне тәуелді болмады. Кешкі сессияға билет ақшасын қайтару үшін билет сатып алынған сайтта өтінім беру қажет. Түсіністік танытқаныңызға рақмет», — делінген мәлімдемеде.
Бублик пен Хачанов арасындағы ширек финал жұма күні, 23 қазанда, сағат 19:30-дан кешіктірілмей басталады.


