Алматыдағы Бутаковка мен Кимасар шатқалдары арасындағы тау серуеніне әуесқойлар жиі жүретін соқпақ әлеуметтік желілерде наразылық тудырды. Туристердің бірі жолдың жай-күйіне шағымданып, енді оны пайдаланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Өз әсерімен @glebiasyrev деген пайдаланушы Threads желісінде бөлісті. «Кимасар-Бутаковка жалғасы. Айтарым жоқ. Бұл бөлікті картамнан сызып тастап отырмын. Енді Бутаковкадан Кимасарға тек Бутаковка асуы арқылы траверспен немесе моральдық күйзеліске ұшырағыңыз келмесе, Еловая тауы арқылы ғана жетуге болады», — деп жазды ол.
Шағымға Алматы тау кластері жауап берді. Онда Кимасар-Бутаковка учаскесінде қазір «Бутаковка 1700» жобасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
«Кимасар-Бутаковка бағыты көптеген алматылық үшін сүйікті серуен орны болғанын және солай болып қала беретінін түсінеміз, сондықтан әдеттегі соқпақтағы өзгерістер сұрақ тудырады. Осыған назар аударғандарыңызға рақмет», — деп жауап берді кластерде.
Олардың айтуынша, жоба тау бағыттарына қолайлы кіреберіс нүктесін жасауды көздейді. Онда аспалы жол салып, жаяу жүргіншілер соқпақтарын жайластыру жоспарлануда.
«Болашақта Бутаковка Кимасармен және көршілес тау аймақтарымен байланысады», — деп хабарлады Алматы тау кластері.


