Алматы тұрғыны Вера Давыдова Threads әлеуметтік желісінде Достық даңғылындағы ішінара опырылған тротуардың бірнеше суретін жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жазбасында автор жағдайға былайша тоқталды: «Бірінші жаңбырдың өзі — жол еріп кетті. Бұрын-соңды болмаған, міне тағы да! Тротуардың бір бүтін бөлігі опырылды. Достық — Алматының орталық даңғылы, су басты, жолдан өтуге мүмкіндік жоқ. Алда қыс, бізді не күтіп тұрғанын ойлау қорқынышты».
Қала тұрғынының шағымына Алматы қаласының қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы жауап берді. Ведомствода түсіндіргендей, Достық даңғылын өзгерту жобасы аясында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде тротуар плиткасын төсеу, велосипед жолын салу, көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, кабель желілерін тарту және сыртқы жарықтандыру тіректерін қою, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар басқармада аталған учаскеде «Алматинские тепловые сети» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу желілерінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенін қосымша атап өтті. Бұл жұмыстар нысан пайдалануға берілгеннен кейін орындалғаны нақтыланды.


